• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:41:43
Алматы
+12°

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың Halyk Bank-тен алған несиелері кешіріледі. Бұл туралы Halyk Bank-тың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Halyk Bank басшылығы мен мыңдаған адамнан тұратын ұжымы Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғылы оқиға ТЖМ, Әскери бөлім, әскерилендірілген күзет және әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиды. Бұл ел мен әрбір қазақстандық үшін орны толмас шығын. 

Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдады" делінген хабарламада.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні төмендегідей:

Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста

Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста

Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста

Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста

Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста

Полковник М.К.Айманов – 45 жаста

Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста

Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста

Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста

Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста

Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста

Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір