• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:11:29
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде азаматтық киімдегі адам полиция қызметкеріне қол жұмсағаны көрінген видео тарап жатыр. Kazakhstan.media парақшасындағы ақпаратқа қарағанда азаматтық киімдегі адам Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып шықққан.

қ футболкадағы азамат Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қанат Еркінұлы Жақыпбаев. Ол жекпе-жек спортындағы өнерін пайдаланып, жас қызметкерлерді жүйелі түрде ұрып-соғады. Бірақ департамент бұл жағдайға көз жұмып қарап келеді. Сондай-ақ криминалдық полиция бөлімінің орынбасары Ерлік Тұрымбетов жас қызметкердің қолын ұстап, өмектескен" делінген ақпараттық хабарламада.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталғанын, кінәлілер анықталып, жауапқа тартылатынын хабарлаған болатын.  

Артынша Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденов жедел тәртіптік комиссия өткізіліп, нәтижесінде Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қанат Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі" нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылғанын хабарлады. 

Сонымен қатар, Таймерденов бұл фактіні қылмыстық кодексінің 362 бабы –  билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркегенін айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір