Фото: Журналист Ирина Советжанқызының instagram парақшасынан
Денесінің 85-90 пайызын күйік шалған Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар разьезінде орналасқан 28349 әскери бөлімінің бастығы, капитан Ерлан Қырғызәлиев медициналық көмекке мұқтаж. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы instagram парақшасында хабарлады.
Жамбылдағы жарылыста күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатқан Ерлан Қырғызәлиевтің әпкесі бауырының жағдайы күннен-күнге нашарлап жатқанын айтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан білікті дәрігерлерді медициналық аппаратпен Таразға алдыруды сұрап, құзырлы органдарға хат жазған.
Сөзінше, Тараз қалалық ауруханасының дәрігері інісінің жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлерімен онлайн конференция арқылы сөйлескен. Нұрсұлтан қаласы дәрігерлері науқасты санавияция арқылы Тараздан астанаға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Алайда науқастың хәлі тым ауыр, қан қысымы тұрақсыз болғандықтан оны жеткізу мүмкін болмай тұр.
Науқастың әпкесі білікті дәрігерлерді Таразға әкелуді сұрайды. Ол інісі әскери қоймада шын мәнінде жарылатын заттың барын білмегенін, сондықтан "әскерилер қашып кетті дегенмен келіспейтінін айтады.
Қазіргі уақытта оның бар қалауы мықты мамандарды Таразға алдырту.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір