02 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандағы ауасы ең лас қалалардың тізімі белгілі болды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
– Экологиялық мониторингтің нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезказған, Шымкент қалаларының атмосфералық ауасы ластанғаны анықталды, – деді ол.
Осы орайда министр төмендегі шаралар қолға алынғалы жатқанын айтты.
– Экологиялық кодекске сәйкес кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізілуі керек. Министрлік пен кәсіпорындардың арасында меморандумдар мен жол карталарына қол қойылады. Оларға сәйкес кәсіпорындар шығарындыларды 20% пайыздан 30% пайызға дейін қысқартуға тиіс. 2025 жылға қарай 10 қаладағы бірінші санаттағы кәсіпорындар үшін шығарындылар лимиті 20% пайызға төмендетілуі керек, – деді ол.
Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев шығарындыларды азайту мақсатында әкімдіктер елді мекендер мен шаруашылық субъектілерін газдандыруды жалғастыру қажет екенін, және қоғамдық, коммуналдық көліктерді газ және электр көлігіне ауыстыру жұмысын одан әрі жүзеге асыру керектігін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір