• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:03:25
Алматы
+12°

Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, эпидемиолог-вакцинолог, медицина ғылымдарының докторы Сәкен Әміреев қайтыс болды. Қаралы хабарды С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі растады.

"Таңертең Қазақстандағы эпидемиология және вакцинация мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әміреев Сәкен Әміреұлы короновирустан көз жұмды.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Сәкен Әміреұлының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады" делінген хабарламада.

Cәкен Әміреев 1940 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы Қабанбай (бұрынғы Андреев) ауданы Мұқай ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Екпінді орта мектебін тәмәмдаған. 1958-1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқып дәрігер-эпидемиолог маманы атағын алған.

1964 жылы КССР Денсаулық сақтау министрлігінің микробиология эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданған. 1967-1970 жылдары АММИ аспиранты болған. 1970 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атағын қорғаған.

Профессор С.Әміреев бруцеллез проблемаларының әртүрлі салалары бойынша 2 монография, 4 ғылыми жинақ, 6 томдық ғылыми-әдебиетке шолуы жарық көрген. 5 докторлық, 12-кандидаттық диссертацияның ғылыми-жетекші, ғылыми-кеңесші болған..

Ол пандемияның алғашқы күндерінен бастап коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір