• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:40:59
Алматы
+12°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазан айына болжам жасады. Бұл туралы ол онлайн-брифингте айтты.

Оның сөзінше,  қазан айының ортасына таман ауру жұқтыру деңгейі төмендеуі мүмкін.

– Жалпы алғанда қазан айының ортасына дейін коронавирспен ауырғандар саны күніне 50-200 адамнан аспауы мүмкін. Қала өте үлкен болғандықтан халықтың тығыздығы жоғары. Сондықтан коронавирус ешқайда кетпейді. Ең аз мөлшерде болса да ауру саны тіркеле береді. Бұл  біздің медициналық ұйымдарға ең алдымен жұқпалы аурулар ауруханаларына, әдеттегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деді бас санитар дәрігер.

Мегополисте өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 976 адам жұқтырған. Емделіп шыққаны – 1410 адам.

Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.

Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 969 069 адам, 2-компонентін 5 795 901 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір