15 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
SpaceX ғарыш компаниясының бас директоры Илон Маск әлеуметтік желіде басқа ғаламшарда тіршілік бар екеніне сенетінін жазды. Ол Twitter-де "Мен НЛО бар деп айтып тұрған жоқпын ... бірақ НЛО бар" деп жазды.
Бұл Twitter-де қызу талқы тудырды. Масктың әлеуметтік желідегі жазылушылары бұл түсініксіз сөзге әр түлі түсініктеме берді.
Hayata есімді Twitter қолданушы Масктың SpaceX компаниясының ғарышқа ұшырған зымырандары мен жасандысеріктері көп екенін айтып, "сіз (жасандысеріктердің) камералары түсірген суреттерді үнемі бақылап отырасыз. Мәселе мынада: NASA да оны бақылай ма? Илон, құпиялықты ашыңыз" деп жазды.
"Өмір өте қысқа... бөгде ғаламшарлықтар бар, олар біздің көзге көрінбейді. Мұны сәл қарамаңыз, адамзат" деді Optimus есімді Twitter қолданушы.
Биыл 25 маусымда Пентагон АҚШ Конгресінде белгісіз ұшпалы нысан туралы есепті жариялаған.
Есеп белгісіз ұшпалы нысанның феноменін түсіндіре алмады. Онда "жел соққанда (нысан) қозғалмайтын болып көрінді, желге қарсы қозғалды, кенеттен маневр жасады және айтарлықтай жылдамдықпен қозғалды, бірақ қозғалтқыш құралдары жоқ" деп жазылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір