• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:01:55
Алматы
+35°

Талибан билік басына келген соң Ауғанстанның өнер адамдары да шетелге қашып жатыр.

Талибандар музыкаға тыйым салған. Тәліптер тамыз айында Баглан провинциясының солтүстігінде "халық әншісін өлтірді" деп айыпталуда.

Қарулы топ бұл айыптауға жауап берген жоқ.

Ал, ауған әншісі Фавад Андарабидің ұлы Джавад Ассошиэйтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында әкесінің Андараб алқабындағы фермада басынан оқ тиіп қаза тапқанын айтты.

BBC Ауғанстаннан қашып, Пәкістан шекарасын заңсыз кесіп өткен және қазір жасырынып жүрген алты әншімен сөйлескен. Әншілердің бірі "Ауғанстанда қалсам өлім жазасына кесілемін" деп қорқатынын айтады.

Өзін Хан деп таныстырған ауған әншісі соңғы 20 жыл бойы Кабулда тұрып, бүкіл елдегі үйлену тойларында ән айтып, музыка ойнаған. Халық әншілері пуштундардың үйлену тойларында танымал. 

"Талибанның бұрынғы режимі кезінде музыкаға тыйым салынған болатын, бірақ бизнес 2001 жылы тәліптер билігі құлатылғаннан бері жақсы болды" дейді ол.

Бірақ өткен айда тәліптер Кабулды бақылауға алғаннан кейін, Талибан жауынгерлері Ханды іздеп келіп, оның музыкалық аспаптарын сындырған.

– Түн ортасында қызметтік күзетшім маған қоңырау шалып, біреулердің мылтықпен келіп, барлық музыкалық аспаптарды сындырғанын айтты. "Күзетшім олар әлі де осында, сен туралы сұрап жатыр" деп хабарласты, – дейді Хан.

Әнші отбасымен бірге келесі күні таңертең Кабулдан кеткен.

Торхам мен Чаман шекара бекеттері арқылы Ауғанстаннан қашқан әншілер мен музыканттар қазір Исламабад пен Пешавар маңында жасырынып, Пәкістаннан басқа елде пана іздеудің жолын қарастыруда.

Әншілердің сөзінше, тәліптер жергілікті FM радиостанцияларында музыкаға тыйым салған.

Достары мен туыстарын қосқанда бес отбасымен елден қашқан тағы бір әнші Ахтар (аты өзгертіліп алынған) Пешавардағы досына жету үшін бес күн бойы қашқанын айтады.

Қауіпті сапар кезінде ол жүрек ауруымен ауыратын жеті жасар қызы үшін қатты алаңдағанын жеткізді. "Мен өз өмірім үшін емес, қызымның өмірі үшін қатты уайымдадым" дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан Талибан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір