• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:10:40
Алматы
+12°

АҚШ, Ұлыбритания және Австралия арасында жасалған қауіпсіздік келісімінен кейін Австралия Қытайдың ядролық соққысының нысанасына айналуы мүмкін.

Келісім Австралияны ядролық сүңгуір кемелерге ие етеді.

Қытайлық Global Times газетінің хабарлауынша, бейжіңдік әскери сарапшылар "Австралия ядролық арсеналмен жабдықталуы мүмкін" деп алаңдайды.

Қытайлық әскери сарапшылар Австралияға Бейжіңнен соққы ықтималдығы барын ескертті. Global Times мәлімдегендей, Австралия батыс елдері ішінде ең алғаш ауыр әскери ескерту берілген ел болуы ықтимал. 

"Осылайша, Австралия әскерлері Оңтүстік Қытай теңізінде өз өмірін құрбан еткен батыс сарбаздарының алғашқы партиясы болуы мүмкін" делінген хабарламада.

Қытай үкіметі атомдық сүңгуір кемелер туралы Ұлыбритания, АҚШ, Австралия арасындағы келісімді "қауіпті оқиға" деп мәлімдеді. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь "бұл аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа елеулі түрде нұқсан келтіреді, қару-жарақ жарысын күшейтеді және ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзады" деді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Австралия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір