24 Қыркүйек, 2021 Спорт
Фото:instagram.com/lady_sparta
Боксшысы Аида Сатыбалдинова ұлттық құрамадағы қыздар арасында болып жатқан былықтарды айтты, деп хабарлады Sports.kz.
Оның айтуынша, ұлттық құрамады қыздардың көпшілігі біржынысты . Қыздардың өзара интимдік қатынаста болуын бапкерлер мен құрама басшылары білсе де үндемейді екен. Қайта астыртын қолдау білдіретін де кездері ұшырасып тұратын көрінеді.
– Кез келген бапкер өзі жаттықтырған шәкіртті Олимпиада ойындарына алып барғысы келеді. Сондықтан да бар күшін салып дайындайды. Бірақ, ол қыз кез келген уақытта келіп "Мен боксты тастаймын, тұрмысқа шығамын" немесе "аяғым ауыр" деуі мүмкін. Ал, бұл бапкер үшін тиімсіз. Оның ұзақ жылғы еңбегі ақталмай қалады. Сондықтан да олар қыздардың бірін-бірі жақсы көргенін, біржынысты қарым-қатынаста болғанына қолдау көрсетеді, – деді ол.
Боксшы осы тақырыпты қозғай келе олардың бұл әрекеті жастарға кесірін тигізе ме деп қорқады. Қазақстанда әрбір отбасы қыз өсіріп отырғандықтан олардың болашағы үшін алаңдайтынын жасырмады.
– Менің ойымша, бұған ең алдымен жаттықтырушылар кінәлі, олар өз спортшыларына дұрыс идеологияны үйрету керек. Бірақ жаттықтырушылар өздерінің пайдасы мен ақша үшін қыздардың тағдырына мән бермейді. Оларға ары қарай не болатыны маңызды емес, - деді Аида Сатыбалдинова.
Спортшы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елдегі барлық шенеуніктерді, спорт министрін бокстағы әйелдер ұлттық құрамасында болып жатқан былықтарды реттеуге шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір