• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:32:13
Алматы
+12°

Жамбылдағы жаралыс кезінде үйлері қираған Қайнар ауылының тұрғындары, бірнеше күннен бері құрылысшылар қажетті материалдар жоқ деп, жұмысты тоқтатып қойғандарын айтты. Бұл туралы 31 телеарнасы хабарлады

Қайнар ауылының тұрғыны Жанар Сүйіндікованың сөзінше, тек министр мен әкімдер келіп көретін үйлерде ғана құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

– Инстаграм желісінде "Барлық үйдің төбесі жабылды, адамдар үйлерге кіріп жатыр" деп айтылып жатыр. Анығында, әлі кірген жоқпыз.  Әліге дейін палаткада шаң, боранның астында түнейміз. Бала-шағамыз жан-жақта жүр, – деді ол.

Шенеуніктер баспаналарды 17 қазанға дейін аяқтауға уәде берген.

Ал жарылыстан соң ізім-ғайып жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевті іздеу жұмыстары бір айдан бері жалғасып жатыр. Алайда ешқандай нәтиже жоқ. 

– Бауыржан Дәуітбаев жараланғандар мен қаза тапқандар және аман қалғандардың да тізімінде жоқ. Жарылыс хронологиясын жасау кезінде апат ошағында болғаны анықталды, – деді "Тараз" гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбылдағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір