• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:28:20
Алматы
+12°

Картоп бағасы 200-250 теңге, ал сәбіз одан 30-40 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты. 

– Маусымдық баға өсімі күтіледі. Бірақ баға қолжетімді болады. Біздің болжамымызға сәйкес, келер жылы маусым кезінде картоптың келісі 200-250 теңгені құраса, сәбіз бен қызылшаның бағасы 300 теңгеге дейін барып қалады деп жоспарланып отыр,– деді ол.

Оның айтуынша отандық картоп өндірушілер баға тұрақтылығын сақтап, өнім тапшылығы болмауы үшін мамыр айына дейін жететін қор жасап қоюды ұсынып отыр. 

– Қазір әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынуы қажет. Картопты тұрақтандыру қорына сатып алып, оны өсіретін шаруалармен алдын ала келісімшарт рәсімдеуі тиіс. Біз өз тарапымыздан барлық жұмысты жасадық. Әкімдіктерге картоп өсірушілердің тізімін бердік. Негізгі облыстар – Павлодар, Қарағанды, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан. Қазір картоптың қажетті қорын жасап алса, келесі жылы баға күрт көтерілмейді. Артынан мамыр айында өзбектің картобы да келеді. Сондықтан бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар, – деді Азат Сұлтанов.

Айта кетейік биыл картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кеткен. Солтүстік Қазақстан облысында өнімнің бір келісі 500 теңгеге жетті. Ал кейбір өңірлерде сәбіздің бір келісі 700-800 теңгеге жеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір