08 Қазан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстанда дизель отыны қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, жанар-жағармай материалының бұл түрі қыркүйекте орташа есеппен литрі үшін 206 теңге 44 тиынға сатылған. Бұл тамыз айына қарағанда 3,8 пайызға жоғары. Ал сұйық отын бағасының жылдық өсімі 20,5 пайызды құраған, деп жазады LS агенттігі.
Дизель отынының аймақтар арасында қымбаттауы бойынша Петропавл көш бастап тұр. Қыркүйекте ол жақтың тұрғындары дизельдің литрін 223 теңгеден сатып алған. Ал ең арзан баға – Түркістанда, литрі 197 теңге тұрады.
8 қазанда жазғы сұйық отын бағасы 260-300 теңге арасында болып тұр. Қысқы дизель кей жанармай бекеттерінде 370 теңгеден сатылады.
Мамандар қымбатшылықты отынның ішкі нарықтағы тапшылығымен, көрші елдерге заңсыз шығарылуымен, Ресейлік импортпен байланыстырады. Айтуыларынша, бұл жағдай жыл сайын қайталанып отыр.
Бұдан бөлек бензин де қымбаттап жатыр. АИ-92 бензині қыркүйекте 172,55 теңгеден сатылған. Қымбатшылық жыл басынан бері 14,4 пайыз деңгейінде болған. АИ-95/96 маркалы бензин литрі 197,67 теңге тұрады. 9 айдағы қымбатшылық 15,3 пайызға тең. АИ-98 бензині литрі үшін 218,67 тенгеден сатылып жатыр. Жыл басынан бергі қымбатшылық – 15 пайыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір