• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:23:13
Алматы
+12°

Пентагонның бұрынғы бас офицері Николя Чайланның айтуынша, Қытай жасанды интеллект саласы бойынша АҚШ-тан асып кетті.

Лондонда шығатын "Financial Times" газетіне берген сұхбатында "біз 15-20 жылдан кейін Қытаймен бәсекелесіп жеңетін мүмкіндігіміз қалмайды" деді Чайлан.

Оның пікірінше, қазіргі кездің өзінде АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде кімнің жеңгені анық. Ол Бейжің мен Вашингтон арасындағы жарыс " әлдеқашан аяқталды" деп қосты.

"Чайлан Қытайдың жасанды интеллект, машиналық оқыту және кибер мүмкіндіктер саласындағы жетістіктерінің арқасында жаһандық үстемдікке бет бұратынын болжады" деп жазады Financial Times.

Ол АҚШ-тың кейбір үкімет ведомстволарындағы кибер қорғаныс қабілетін "балабақша деңгейінде" деп айыптады.

Бұл Чайлан Пентагонның бағдарламалық қамтамасыз етудің бірінші басшысы қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы сұхбаты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пентагон Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір