• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:26:29
Алматы
+35°
Павлодарлық белсенді, тіл жанашыры, қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп жүрген Руза Бейсенбайтегі қамауға алынғаны хабарланды. Бұл туралы құқыққорғаушы Руслан Түсіпбеков мәлім етті.
 
Заңгер оқиға туралы егжей-тегжейлі білмейтінін айтады.
 
Белсендінің телефонына қоңырау барғанымен, тұтқаны ешкім көтермеді.
 
Руза Бейсенбайтегі жуырда әлеуметтік желіге көші-қон полициясы қызметкерлерінің қазақша қызмет көрсетпегені көрінген видео жариялаған. Артынша видеодағы адамдар тарапынан өзіне ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын мәлім еткен.
 
Руза Бейсенбайтегі қазақ тілінің қолданысын кеңейту жолында күресіп келе жатқан белсенді. Ол қазақ тілінде қызмет талап еткені үшін талай мәрте қарсылыққа тап болған.
 
Белсенді бұған дейін Қамшы сайтына соңғы уақытта халықтың ұлттық сана-сезімі оянып жатқанын байқағанын, бұрын қазақ тілінде қызмет сұраушыларға қатысты ара-тұра өрескел заң бұзушылықтар болып тұрғанын, қазір ондай әрекетер жоқ екенін айтқан.
 
Алайда соңғы уақытта елде қазақ тіліне байланысты дау жиілеп кетті.
 
Қыркүйекетің басында Тіл майданы қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметовтың үстінен бас прокуратура қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғап, белсенді Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. 

Ал оған дейін "Тіл майданы" қозғалысы белсенділерінің қазақша қызмет көрсетуді талап еткен әрекеттеріне байланысты Ресейдің бірқатар баспасөз құралдары "Қазақстанда орыс тіліне қысым жасалып отыр" деп ақпарат таратты.

Ұзамай президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Абаев белсенділердің әрекетін "үңгір патриотизмі" деп атады. Кей саясаттанушылар Абаев мәлімдемесін Мәскеу билігіне мұндай әрекеттер Қазақстан билігі тарапынан ұйымдастырылып отырмағанын ұғындыруға тырысқанымен түсіндіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Руза Бейсенбайтегі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір