13 Қазан, 2021 NEWS
Фото: obvk.kz
Бұған дейін тек екпе алғандарға берілген Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе енді екпе алмағандарға да қолданылатын болды. Бірақ барлығына бірдей емес. Ол үшін вакциналаудан босатылғаны жөнінде дәрігер рұқсаты болуы тиіс.
Карантин талабына сәйкес, екпе салдырмағандарға бұған дейін санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруге тыйым салынған болатын. Енді бұл талап жеңілдетіліп, вакцина салдырмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі берілетін болды. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға мұндай мүмкіндік уақытша берілетіні алға тартылды.
– Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе – кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір