18 Қазан, 2021 NEWS
Фото: otyrarkz
Шымкент қаласы Рысқұлов көшесі бойындағы қоқыс салатын жәшіктен жаңа туған сәби денесі табылды. Мәйітті таңғы сағат 7 шамасында қоқыс тасушылар көрген, деп хабарлады otyrar.kz сайты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"18 қазан күні сағат таңғы 7 шамасында "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызметкерлері күн сайынғы тазалық жұмыстары кезінде қоқыс контейнерінде жатқан пакеттің ішінен нәрестенің мәйітін тауып алған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды" делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция департаменті өкілдері қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жарияланбайтынын айтты.
View this post on Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір