• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 11:37:40
Алматы
+8°

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі қыздардың орта мектепте оқуына жақын арада рұқсат етілетінін айтты.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости Әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында нақты уақытты Білім министрлігі жариялайтынын хабарлады.

– Менің түсінігім мен ақпаратым бойынша, жақында барлық университеттер мен мектептер қайта ашылады, барлық қыздар мен әйелдер мектепке және мұғалімдік жұмыстарына оралады, – деді ол.

Талибан жасөспірім қыздарға "қауіпсіз оқу ортасы" болғанға дейін мектепке бармау керектігін бұйырған. Бірақ барлық сыныптағы ұлдар мен бастауыш мектеп жасындағы қыздар мектепке қайта оралды.

1990-шы жылдардағы Талибан билігі кезінде Ауғанстандағы әйелдердің білім алуы және жұмысқа орналасуына заңды түрде тыйым салынған. Ауғанстандағы жаңа биліктің кейбір шектеу саясаттары "тәліптер бұрынғы қатал режимді қайталауы мүмкін" деген қорқынышты тудырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір