• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:26:53
Алматы
+12°

Білім вице-министрі Шолпан Каринова сенбілікке шығуға мәжбүр болған мұғалімдердің қайда жүгінуге болатыны туралы  айтты

– Кез келген мұғалім баршаға қолжетімді жерде орналасқан білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің телефондарына қоңырау шала алады. Ақпарат білім бөлімдерінің барлық ресми парақшаларында бар, – деді вице-министр.

Ол мұғалімдерді әдеттен тыс жұмысқа тарту фактілері бойынша 200-ден астам әкімшілік іс қозғалғанын және олар бойынша шешімдер қабылданғанын атап өтті. Семейде екі мектеп директорына, білім бөлімінің басшысы мен әкім орынбасарына қатысты әкімшілік іс қозғалған.

17 қазан күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімдер әкім орынбасарының тапсырмасы бойынша жұмыстарын тоқтатып, көше тазалауға жіберілгеніне пікір білдірген. Министр мұғалім мәртебесі туралы заңды бұзғаны үшін қала әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

Әкімдік өз кезегінде сабақты тоқтатуға тапсырма берілмегенін алға тартып, сабақтар онлайн режимде өтілгенін айтқан. Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков бұл жерден ешқандай мәселе көріп тұрмағанын жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шолпан Каринова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір