Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысында көпбалалы аналардың наразылық шараларына байланысты пікір білдірді.
– Шын мәнінде ана дегеніміз – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюуымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көпбалалы аналарымыз заңсыз шерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр, – деді ол.
Сонымен қоса президент аналардың бұл әрекетін "масылдық" деп атап, мұны қоғамдық, тіпті саяси проблема екенін айтты.
– Біз "Бейбіт жиналыстар туралы" өте жақсы заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Онда бәрі жазылған. Ресми рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Бірақ осынау болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осы тектес әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Бас прокуртураның міндеті азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау.
Мен мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті бекітілген заңды азаматтарымызға түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті біздің заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау, – деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір