22 Қазан, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антонио Гутерриш әлемнің қазіргі климаттық жағдайының мәселесі өте маңызды екенін айтып, осы айдың аяғында өтетін "COP26" климат конференциясының маңызын атап өтті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы қазіргі климаттық келісімдердің "апатты" салдары болатынын көрсетеді.
Гутерриш жағдай осылай кете берсе "апатқа бір бағыттағы билет" алғанмен бірдей болатынын жеткізді.
"Мен Глазгодағы кездесуде сәтсіздікке жол бермеу үшін әлі де уақытымыз бар деп үміттенемін, бірақ уақыт аз, жағдай қиындауда, сондықтан қатты уайымдаймын" деді Гутерриш.
Глазго саммиті 31 қазанда басталады. Саммит ғаламдық жылынуға қарсы бүкіләлемдік мақсаттарды келісу үшін маңызды болып саналады.
Ал, әлемнің ең ірі экономикасы бар G 20 елдері 30 қазанда Италияда кездеседі. Ол кезде де ғаламдық климат мәселесі көтерілмек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір