• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:30:39
Алматы
+12°

Алматы облысы Қаскелең қаласында 25 жастағы жігіт үйлену тойы кезінде көліктен аспанға оқ атты, деп хабарлады Zakon.kz сайты.

Оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында үйлену тойы кезінде болғаны анықталды.

"Іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полицейлер аспанға оқ атқан адамды анықтады, ол 25 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды" делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Мерседес автокөлігі айыппұл тұрағына қойылған.

Қазіргі уақытта автоколоннаның басқа қатысушыларын анықтау шаралары жүргізілуде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @sergek.kaz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаскелең Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір