• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:12:10
Алматы
+12°

Шымкенттегі "Қырғы базар" маңында жаңғақ сатқан әжеге айыппұл салмақ болған полицейлер жазаланды, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. 

Әжені тәртіпке шақырмақ болған полицейлердің ісі тәртіптік кеңесте қаралған. Кеңес мүшелері оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбаны саралай келе, "ішкі істер қызметкерлері дөрекілік көрсетті" деген қорытындыға келген. Кеңеске заңсыз саудаға жол берген әжей де шақырылды.

Алайда Фатима Бекенова "тәртіпке мойынсынбаған өзім айыптымын, полицейлерге артар кінәм жоқ" дейді. 

– Негізі базардың ішінде сатуым керек еді. Мен ертерек бола қояйын деп, өзімше базар сыртына орналастым. Өзім кінәлімін. Мен онда жаңғақ апардым. Бір-екі рет полицей ескертті, бірақ мен нашар естимін. Қайта жаныма келгенде телефонымды беріп, балама хабарласуын сұрадым. Басқа ештеңе болған жоқ. Адамдарға дау-жанжал керек, сондықтан бәрі жиналып алды, – деді Фатима Бекенова қала тұрғыны. 

Десе де полицейлер жазадан құтыла алмады. 

–  Полиция департаменті тәртіптік комиссияның шешіміме сәйкес, полиция қызметкері Мүлкібаев Жұлдызбекке қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде, ал Тұрмағанбетов Дәуітке ескерту жарияланды. Себебі аталған қызметкерлер тарапынан әдеп кодесінің талаптары бұзылған, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Алмас Әмізеев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір