29 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдау кезінде қаламыздың сәулет және құрылыс саласына еңбегі сіңген профессор Ақболат Ахмедов аудан әкіміне өзі жазған кітаптың 6 данасын табыс етті.
- Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып жазған «Вспоминая прожитую жизнь» атты кітабымды сіздерге сыйға тартуды жөн көрдім. Мұнда халықпен жұмыс істеу кезінде қажетті пайдалы кеңестер мен өз басымнан өткізген оқиғаларды түсірдім. Сіздердің кәделеріңізге жарайды деп үміттенемін. Ізденуден, ел үшін еңбек етуден шаршамаңыздар, - деді Ақболат Райымбекұлы.
Содан соң аудан азаматтары алаңдатқан мәселелерін қозғап, түрлі сауалдарын жолдады.
Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Сейтбекова Қалжан ауласына балалар және спорт алаңшасын салып беруді сұрады. Рашид Мамытұлы алдағы уақытта онда зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттары әзірленетін айтты.
Ал Красикова Наталья кәсіпкер көршісінің арыққа заңсыз бөгет қойғандығын айтып шағымданды. Аудан әкімі өзінің орынбасарына дүкеннің иесімен тілдесіп, заңсыз іс-әрекетінің дұрыс еместігін түсіндіруді жүктеді.
Жеке қабылдау барысында әрбір тұрғынның уәжі мұқият тыңдалып, аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына оңтайлы шешімін табу бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ, аудан әкімі Әл-Фараби ауданына қатысты кез-келген мәселені заң аясында шешудің маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша айына 2 рет бейсенбі күндері қабылдайды. Азаматтар әкімдікке келіп алдын ала жазылуы тиіс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір