• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:02:31
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткен Jastar Alany жастар форумына қатысты.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев қазіргі жастар 30 жылдығы биыл атап өтілетін Тәуелсіздіктің жетістіктерін білетінін және бағалайтынын атап өтті. Алматы оның қалыптасуы мен нығаюы барысында ерекше рөл атқарды.

Қала әкімінің айтуынша, болашақ – шығармашылық мамандықтар мен білім экономикасында. Бүгін біз бұған тағы да көз жеткіздік. Жастар креативті экономиканың басты драйвері болып табылады. Алматы – жастар қаласы. Әрбір үшінші қала тұрғыны – 35 жасқа дейінгі жас адам. Мұнда 37 жоғары оқу орны мен 80 колледжде 240 мыңнан астам студент оқиды.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала қарқынды дамуда, үйреншікті проблемаларды замануи тұрғыда шешуді талап ететін жаңа міндеттер қойылуда. Жастардың бұл процеске қатысуы үшін өзекті мәселелерді шешу, оқыту, тәлім алу, шығармашылық әлеуетті дамыту және іске асыру үшін жағдайлар жасалуда.

Алматыда De Montfort университетінің филиалы ашылды – Қазақстанда білім беру лицензиясын алған жалғыз толыққанды шетелдік жоғары оқу орны. Алғашқы 145 студент қазірдің өзінде осында білім алуда. Жақын арада Елбасының бастамасы бойынша «Алатау» АТП АЭА аумағында Назарбаев университетінің Жасанды интеллект мектебінің құрылысы басталады. Аризона штатының тағы бір жетекші университеті кәсіпкерлікті дамыту саласында ашылады.

Спорттық инфрақұрылым дамуда. Жергілікті бюджет есебінен 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығының құрылысы жүргізілуде, тағы 5 ірі нысанды жеке инвесторлар салуда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 63 мектеп жанындағы спорт нысандарын модернизациялау аяқталады, онда 73 футбол, 63 волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ воркаут аймақтары мен жүгіру жолдары бар. 12 жекпе-жек орталығы ашылды.

Жас креативті кәсіпкерлер үшін «Алматы» ӘКК гранттары қарастырылған. Инновациялық жобаларды 2 млн теңгеден бастап қаржыландыру бағдарламасы әзірленді, барлық аудандарда креативті хабтар құрылуда. Жас АT-таланттарды қолдау үшін жоғары оқу орындары мен бизнесті біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құрылды. Білім беретін Coursera платформасымен бірге 2020 жылы әлемнің үздік университеттерінен технологиялық курстардан тегін өтуге 5 мың лицензия ұсынылды.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы жылдың 10 айында 16 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. NEET санаты үшін алғашқы жұмыс кәсібін игеруге мүмкіндік беріледі. Жыл сайын колледждерде оқуға 11 мыңнан астам грант бөлінеді.

Қала жастардың басты мәселелерінің бірі – тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі. «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында жыл сайын 1 мың жеңілдетілген тұрғын үй заемы қарастырылған. Ағымдағы жылы 843 жас отбасы пәтер алды. Сонымен қатар, жұмыс істейтін жастар арасында 1050 жалдамалы пәтер бөлінеді.

«Масс-медиа» жобасының авторы А. Сағынұлы, актриса, коуч А. Тұрсын, 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, дзюдошы Ғ. Қырғызбаев, актриса, кәсіпкер Қ. Анарбекова, Asarume ҚҚ президенті А. Нұрмашев және басқалар өскелең ұрпақтың қаланың, елдің және жалпы қоғамның дамуындағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір