• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:48:30
Алматы
+12°

"Bloomberg" миллиардерлер индексіне сәйкес, Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Масктың байлығы 335 миллиард долларға жетті.

Салыстыру үшін айтсақ, оның дәулеті "Berkshire Hathaway" компаниясының бас директоры Уоррен Баффеттің байлығының үш есесінен көп, ал, Билл Гейтстің дәулетінің үш есесіне таяу.

Осылайша Масктың индекстегі байлығы оның туған отаны Оңтүстік Африканың жалпы ішкі өнімінен асып кетті. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, елдің ЖІӨ 301,9 миллиард долларды құрайды. 

Ал, Масктың байлығы Қазақстан ЖІӨ-нің  (169,8 млрд АҚШ доллары, 2020) екі есесіндей.

"Bloomberg" ақпараты көрсеткендей, Масктың таза байлығы биыл 165 миллиард долларға өскен.

"Оның дүйсенбі күнгі табыстары Tesla акциялары бағасының 8,5%-ға өсуіне байланысты болды" деп хабарлады "Bloomberg". Мультимиллиардер компанияның шамамен 22,4% акциясына иелік етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір