09 Қараша, 2021 NEWS
Фото: ВВС
Кеше польяк үкіметі шұғыл жиын өткізіп, шекара маңын бақылау үшін 12 мың әскери қызметкерді жіберген. Польша билігі мигранттардың шекара маңына үймелеуін Беларусьтің қастық әрекетімен байланыстырады.
Сондай-ақ Польша, Литва, Латвия елдері соңғы айда Беларусьтен өз елдеріне заңсыз кірмек болғандар тым көбейіп кеткенін хабарлады. Босқындардың дені Таяу шығыс пен Азия елдерінің азаматтары.
Ал Еуроодақ болса, Беларусь президенті Александр Лукашенконы адам нөпірін санкцияларға жауап ретінде ұйымдастырып отыр деп айыптайды.
Беларусь өзіне тағылған айыпты терістейді.
Migrants began to set up tents on the Belarusian-Polish border near the fence.@tvp_info @tvn24 @PolsatNewsPL @gazeta_wyborcza @gazetapl_news @DGPrawna pic.twitter.com/60jNvqJxCc
— NEXTA (@nexta_tv) November 8, 2021
Польша мигранттерді ауғанына кіргізбеу үшін тікенді сымтемірден қоршау құрып, Беларусьпен жалғап жатқан кузнец бекетін жапқан.
The Ministry of Internal Affairs and the military managed to stop the first mass attempt to break the border. At the moment the migrants have set up a camp. They are constantly guarded by #Belarusian services. pic.twitter.com/dSbnC8dtSS
— NEXTA (@nexta_tv) November 8, 2021
Шекарашылар мигранттарға қарсы қару қолдануы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ суық ауа райы да босқындар өміріне қауіп төндіріп тұр.
Беларусь өз кезегінде босқындарды қайтып кіргізуден бас тартып отыр. Кей адамдар орманда үзіп өліп жатыр.
BBC журналисіне пікір білдірген ирактық мигранттардың бірінің ағасы Барва Нусреддин босқындар шекарада азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп жатқанын жеткізген.
The Polish Ministry of National Defense (@MON_GOV_PL) published video of another attempt by migrants to breach the border. pic.twitter.com/MXq4pEv2wD
— NEXTA (@nexta_tv) November 8, 2021
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір