• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:17:30
Алматы
+12°

Денаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан мектептерінде балаларға, жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина қашан және қайда салынатынын айтты. Бұл туралы  министр үкімет отырысында хабарлады.

– Балаларға вакцина білім беру ұйымдарында және Қазақстан бойынша егу пунктерінде салынады. Вакцина балаларға, кәмелетке толмағандарға, жасөспірімдерге ата-ананың немесе заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда ғана салынады, – деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясын 379 мың доза көлемінде 15 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге вакцина салуды қамтамасыз ету үшін 4 миллион 230 мың доза сатып алынған. Бұл 2 миллион 115 мың адамды қамтамасыз етуге жетеді.

Вакцина 12-17 жас аралығындағы балаларға, жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдерге және босанғанына 42 күн болған емізулі баласы бар әйелдерге салынады.

10 қараша кешке Qatar Airways әуе компаниясы Pfizer вакцинасының партиясын жеткізеді.




 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Вакцина Алексей Цой

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір