10 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова сауда-ойын-сауық орталықтарына қашан маскасыз кіруге болатыны айтты.
Есмағамбетованың сөзінше, Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі бар қазақстандықтар үшін сауда орталықтарына маскамен кіру ережесі сақталады.
– Жоқ, маска кию міндетті. Вакцина салдырған адам қайта ауруы мүмкін. Сондықтан бұл – өте қауіпті. Дегенмен вакцинацияланғандарда індет жеңіл өтеді. Инфекцияны жұқтыруы қаупі де төмен, – деді Есмағамбетова үкімет отырысының кулуарында.
Еске салсақ, 2021 жылғы сәуірде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудың 60 пайыздық шегіне жету керектігін мәлімдеген. Содан кейін ол маска режимін алып тастауды қарастыратынын айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір