12 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, газтехникалық инспекция бөлімі мен аудандық әкімдіктер және де Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Жыл басынан бері, бөлім қызметкерлері қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары барысында 25 мың дана хабарлама таратты. Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша теле арнада апта сайын 5 видеоролик көрсетілді және интернет ресурстарында да жарияланды.
Газдан улану бойынша оқыс оқиғалар көбінесе тұрғындар техникалық талаптары сақтамауы салдарынан орын алып отыр. 2020-2021 жылдың жылыту маусымында қала бойынша улану салдарына 8 адам қайтыс болған.
Сонымен қатар, қала аумағында демеушілер есебінен 2019 жылы 776 газ дабылқаққыш, 2020 жылы 1 102 газ дабылқаққыш, 2021 жылы үйлерге бюджет есебінен 2 192 газ дабылқаққыш орнатылған. Ал, құрылысы жүріп жатқан үйлерге 2022 жылы бюджет есебінен 2 424 газ дабылқаққыш орнату жоспарлануда.
Құрметті қала тұрғындары!
Егерде өз беттеріңізбен автономдық жылыту жабдықтарын немесе басқа да газдық құрылғыларды орнатқан жағдайда заңнамаға сәйкес, тиісті әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеміз.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір