16 Қараша, 2021 NEWS
Фото: elbasy.kz сайты
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Б.Байбек Елбасыға ел өңірлеріне жасаған жұмыс сапарларының қорытындысы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мәслихаттардағы фракциясының сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойыншаөткізген отырыстары нәтижесі жайлы баяндады.
– Осы жылы Үкімет мүшелерінің қатысуымен Мәжілістегі біздің фракцияның 3 отырысы өтті. Жұмыс алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен бірге 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда, қазіргі уақытта іс-шаралардың 20 пайызы атқарылды, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Сондай-ақ Б.Байбек жуырда өткен «Jastar – Otanga!» халықаралық форумының нәтижелерін баяндап, 15 мемлекет өкілдерінің қатысуымен халықаралық партиялық форум ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Соңында «Nur Otan» партиясының Төрағасы Орталық аппаратқа және партияның өңірлік филиалдарына Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізуге дайындықты жалғастыруды тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір