• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:23:30
Алматы
+12°

Бір айдан аса уақыт аштық жариялаған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили түрмеде есінен танып қалды. Бұл туралы саясаткер адвокаттарының бірі Бека Басилая хабарлады.

– Миша (Михаил Саакашвили - ред.) адвокаттармен кездесуден кейін шығып, тайып, құлады. Осыдан кейін мен оның даусын естімедім, көзін ашпады. Олар зембіл әкеліп, алып кетті. Қазір жағдайы қалай екенін білмеймін. Бұл – 10 минут бұрын болған. Бұған дейін өзін өте нашар сезінді, – деді адвокат Бека Басилая.

Артынша Саакашвили жансақтау бөлімінде екені белгілі болды, оның жағдайы қалыпқа келгені хабарланды.

Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті болған. Кейін үсітнен бірнеше қылмыстық іс қозғалғаннан кейін елден кетуге мәжбүр болған. Сот оған сырттай үкім кескен. Саакашвили өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды. Михаил Саакашвили 1 қазанда өз еркімен Грузияға келіп, бірден ұсталған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Михаил Саакашвили

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір