• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:50:37
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтандағы "Mega Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел көз жұмды. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 22 қараша күні болған. 103 пультіне әйел сауда орталығында ес-түссіз жатқаны туралы қоңырау түскен. 

"Жедел жәрдем бригадасы келген кезде өмір сүру белгілері жоқ әйел табылды. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған әйел кенет есінен танып қалған, содан кейін талмасы басталған. Оқиға куәгерлері сауда орталығы фельдшерлік пунктінің қызметкерлерін шақырған, реанимация жүргізді, бірақ нәтиже болмады" делінген хабарламада.  

Қазіргі уақытта мәйіт полицияға тапсырылған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір