• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:56:16
+12°

Қазақстан енді Украинаға көмірді Ресейді айналып өтетін жол арқылы тасымалдайтын болады. Бұл туралы энергетика саласындағы украиналық ірі "Центрэнерго" компаниясы мәлім етті, деп жазады Диалог.UA украиналық интернет басылымы.

Басылым қарашаның орта шегінен бастап ресми Мәскеу Украина мен Еуропадағы энергетикалық жағдайды, сондай-ақ Қазақстан "Центрэнергоның" негізгі жеткізушісі екенін біле тұра өз территориясы арқылы өтетін қазақ көмірі транзитін тоқтатқан.

"Кремль "ойны" отын жеткізу кестесінің бұзылуына әкеліп соғып, келешекте жағымсыз салдар болу қаупін тудырды. Мәскеу ресми түрде теміржолда мәселе туындап жатқанын түсіндірсе, бейресми түрде гибридтік агрессияның жаңа кезеңі басталғаны, манипуляция созыла түсетіні түсінікті еді. Киев пен серіктестеріне шұғыл жаңа жол іздеуге тура келді" делінген басылым ақпаратында.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Қазақстаннан сатып алынған көмір енді теңіз арқылы жеткізілетінін мәлім етті. Оның сөзінше, қатты отын ендігіде Тамань порты арқылы тасымалданады. Алайда ол көмір Қазақстаннан Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тамань портына дейін қалай жеткізілетіні туралы айтпады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір