• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:35:35
+8°

Фото: Ашық дереккөз

Ақын, диссидент, оппозиционер, Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, жуырда денсаулық жағдайына байланысты босатылған Арон Атабек қайтыс болды. Белсендінің бүгін сағат кешкі 8 шамасында жүрегі соқпай қалған.

Бұған дейін, Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған. Артынша беті бері қарағаны туралы ақпарат шыққан.

Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған. Ақын бұған қарсылық танытып, өзін толық ақтауды талап еткен.

5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.

10 қазан күні бір топ белсенді Арон Атабек кітабының тұсаукесерін өткізді. Олар туындыны Арон Атабектің бостандыққа шығуына орай жасалған сыйлық екенін айтқан.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

Кей белсенділер ақынның түрмеден босатылуын "билік Арон түрмеде өліп қалды деп жаман атты болмас үшін босатты" деп түсіндіреді.

♦ Арон Атабектің денесі Қалқамандағы мәйітханаға жеткізілді (видео)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір