• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:13:30
Алматы
+12°
Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 946 адамнан коронавирус, 141 адамнан пневмония анықталған. 23 қарашада 19 адам пневмониядан көз жұмған.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 25 қарашадағы жағдай бойынша, 28 106 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 879 пациент стационарда, 22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында 444 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр, 76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

25 қарашадағы мәліметке сай, Қазақстанда 8 667 674 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 8 008 545 адам II компонентін салдырған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары  "Жасыл" аймақта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір