25 Қараша, 2021 Барлық аймақтар
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады
2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді.
https://www.gov.kz/
Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы шешімімен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.
Жалпы, 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.
Бұдан басқа, Бас конференция аясында жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан 2021-2025 жылдар кезеңіне ЮНЕСКО-ның екі субсидиарлық органдарының, атап айтқанда, Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның (ХГБ) және Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының (ХБҮК) үкіметаралық кеңестірінің құрамына сайланды. ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер Қазақстанға білдірген сенімі еліміздің Ұйым қызметіне қосып жүрген мазмұнды үлесін тану болып табылады.
Біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынұлы жайында "Қазақстан" телеарнасы түсірген "Ахмет. Ұлт ұстазы" туындысы жақын арада көрерменге жол тартпақ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір