• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:26:37
Алматы
+12°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырды.

«Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын»,- деп жазды Бас мүфти өз парақшасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз екенін, Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болатынын, кәсіпкер азаматтар ізгі ниет нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленетінін тілге тиек етті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір