• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:18:18
Алматы
+12°

Қазақстанда сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерде оқыту тоқтатылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Бүгінде колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ жіктеушіден "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды. 

Білім жүйесіндегі бұл жұмыстар, еңбек нарығындағы сұраныстарға сай келуі үшін жасалған. Ендігі кезекте оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

– Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық. 

Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру","Графикалық және мультимедиялық дизайн", "Тас өңдеу өндірісі", "Ландшафтық дизайн", "Жылжымайтын мүлікті басқару", "Дестинацияны басқару", "Құрылыстағы сметалық іс", "Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады, – деді білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.  

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: колледж

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір