Бүгін, 26 қараша Алматыда халық диссидент ақын, оппозиционер Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұмның жаназасы қарындасы Рәзияның үйінде шығарылды. Жаназаға шамамен 100-ден астам адам жиналды.

Марқұмның мүрдесі Бағанашыл зиратына қойылады.

Арон Атабек 24 қарашада сағат кешкі 8 шамасында қайтыс болған.

Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған. Ақын бұған қарсылық танытып, өзін толық ақтауды талап еткен.

5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.

Артынша Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған. Ұзамай беті бері қарағаны туралы ақпарат шыққан.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

Кей белсенділер ақынның түрмеден босатылуын "билік Арон түрмеде өліп қалды деп жаман атты болмас үшін босатты" деп түсіндіреді.

Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір