• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:06:41
Алматы
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Ел тірегі - Елбасы» атты мерекелік шара барысында айтты.

«1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың 98,7 пайыздық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті мандатын иеленді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз ел болу үміті қайта жанды. Шешуші сәтте ел тізгінін алған Нұрсұлтан Әбішұлы, осыдан 30 жыл бұрын кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді – табысқа айналдырды. Осылайша қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, асқақ арманға қол жеткізді»,-деді әкім.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде қала басшысы 30 жыл бұрын Мемлекеттік Туымыз тұғырға қонып, Елтаңба мен Гимн – мақтанышымыз болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен бірге Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік құрылымның негіздері айқындалғанын жеткізді.

Ең бастысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел тарихында алғаш рет заң жүзінде рәсімделген және әлем мойындаған 13 400 шақырымдық мемлекеттік шекараны бекітті. Ел шебін қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау үшін Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғанын айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір