30 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"4660 Nereus" деп аталатын астероид Жерге қарай келе жатыр. Ол 11 желтоқсанда Жер планетасының қасынан өтеді деп күтілуде. Ұзындығы 330 метрлік астероид Эйфель мұнарасынан үлкенірек. Ол секундына 6,5 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
Дегенмен ғалымдар "4660 Nereus" Жерге қауіп төндірмейді деп отыр. Ол Жерден 3,8 миллион шақырым қашықтықта өтіп кетеді деп күтілуде.
Бұл – Жер мен Айдың арақашықтығынан шамамен он есе көп.
Осыған қарамастан, АҚШ ғарыш агенттігі тасты "ықтимал қауіпті" деп сипаттады.
АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) веб-сайтына сәйкес, "ықтимал қауіпті" астероидтың өлшемі кемінде 150 метр және Жер орбитасынан 7,4 миллион шақырым қашықтықта орналасқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір