• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 22:01:25
Алматы
+8°

Halyk Bank таулы маршруттардың шалғай учаскелеріне арналған 11 құтқару үйшігін, 18 күн батареясын орнатып, Төтенше жағдайлар департаментіне 1 пилотсыз ұшу аппаратын сыйға берді. Бұл туралы Алматыда туризмді дамыту жөніндегі әлеуметтік жоба аясында өткен брифингте белгілі болды. Брифингке Алматы әкімдігі туризм басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, қалалық құтқару қызметі және Halyk Bank өкілі қатысты.

Іс-шара қатысушыларының айтуынша, енді Алматы таулары туристер үшін қауіпсіз бола түседі.

Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді қала әкімдігі альпинизм федерациясы және тау қауымдастығымен бірлесіп таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.

 

– Таулы маршруттардың шалғай учаскелерінде 15 құтқару үйшігі орнатылып, қолайсыз ауа-райы кезінде туристер атаулы жерде тоқтап, жылынып, адасып кеткен жағдайда немесе жазатайым оқиға болса үйшікте жан сақтап, көмек күте алады. Үйшіктерде алғашқы медициналық көмек жинақтары, атап айтқанда алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыны қуаттау станциясы, отын, жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы бар. Ең бастысы – әрбір құтқару үйшігі дабыл түймесімен жабдықталған, оның көмегімен турист құтқарушыларға сигнал бере алады. Бұл үшін арнайы SOS спутниктік сигналын құтқарушылардың пультіне дауыстық хабарламамен алмасу мүмкіндігін беру үшін 10 радиорелелік діңгек орнатылған. Сонымен қатар, мачталар Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған, – деді ол

 

Құтқару үйшіктері Іле-Алатау ұлттық паркі мамандарымен келісе отырып, таудың жету қиын биік жерлеріне тікұшақпен жеткізілген. Саяхат алдында туристер осы ақпаратпен танысуы үшін олардың орналасқан жері 2GIS қосымшасында көрсетілген.

Фото: Halyk Bank PR-қызметі

Сонымен қатар брифингте туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және тауға серуендеуге арналған TauGo қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Қосымша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің базасымен біріктіріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ жиында туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыспен қамту аймағы кеңейтіліп, кіші және үлкен Алматы шатқалында 2 бақылау-құтқару пункті және Тұйықсу шатқалында тікұшақ алаңы салынып жатқаны хабарланды.

– Әрине, мұндай ауқымды жоспарды серіктестеріміздің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Halyk Bank-тің біздің сұранысымызға үн қосқаны және тау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, осындай маңызды жобаны жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс айтамыз, – деді туризм басқармасының басшысы.

Halyk Bank жоба аясында демеушілік әрі көмек ретінде 101 млн 479 мың теңге аударған. Оның ішінде 47 300 000 теңге – модульдік құтқару үйшіктерін дайындауға, 39 924 000 теңге – автономды күн электр станцияларын сатып алуға және 12 000 000 теңге іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін пилотсыз ұшу аппаратын сатып алуға жұмсалған.

 

– Банк үшін бұл жоба өте маңызды. Адам өмірінен басқа құнды ештеңе жоқ екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Осы жылдың мамыр айында болған Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға қауіптің алдын алу, қауіпті жою қажет екенін айқын көрсетті. Апат айтып келмейді. Дегенмен жазатайым жағдай болғанда сигнал беруді қамтамасыз ету, көмек келгенге дейін паналау мүмкіндігін жасау – біздің қолымызда. Сондықтан, құтқару тобын шақыру функциясы бар тау үйшіктерін орнату жөніндегі бастаманы қос қолдап қолдадық. Егер іздеу жұмыстары кезінде осы үйшіктер немесе дронның арқасында бір адамның болса да өмірі құтқарылса, онда атқарылған іс бекер болған жоқ есептейміз, –  деді Halyk Bank PR-қызметінің басшысы Әсел Оразбаева.

 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2020-2021 жылдар аралығында Алматы тауларында 5 адам қаза тапқан. Онымен қоса таулы жерлерде 66 адам, оның ішінде бір бала құтқарылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары Мыңжылқы үстіртіндегі Тұйықсу аймағында жиі жүргізілген. Ол жердегі мұндай жаралардың жалпы саны 30-ды құрайды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жиілігі бойынша екінші орынды Үлкен Алматы шыңындағы Космостанция алады. Көк Жайлау үстіртінде тағы 7 Іздестіру-құтқару жұмыстары өткізілген. Осы уақыт ішінде іздестіру-құтқару жұмыстарына 312 адам, 22 кинологиялық жасақ және 59 құтқару техникасы жұмылдырылған. 2021 жылы кинологиялық ізденістердің көмегімен 8 адам табылған. Сондай-ақ, жоғалған адамдарды іздеу үшін Тауға дайындық орталығынан жолсерік-құтқарушылар мен LIDER.KZ еріктілері тартылады.

– Іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізу үшін Төтенше жағдайлар департаменті қызметі жоғалған адамды тапқан кезде оған орнында қалуға және құтқарушыларды күтуге шақыратын дабыстық хабарлама айтуға мүмкіндік беретін дрон сатып алуды ұсынды. Мұндай функцияның болуы іздестіру кезінде өте маңызды. Хабарламаны естіген соң адам үрейленбейді, адасқан адам оны тапқанын және жақында көмек келетінін түсінеді. Сондай-ақ осындай "ақылды" дронның көмегімен зардап шеккендерге дәрі-дәрмек, азық-түлік пен өмірлік маңызды жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз етуге болады, –  деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.

Квадрокоптерлерді бүкіл әлемде құтқару қызметтері бұрыннан қолданып келеді. "Дрондар" жету қиын және қауіпті аймақтарға ұшырылады, онымен қоса дрондар ауа-райы жағдайлары бойынша тауларда тікұшақтың ұшуы мүмкін болмаған жағдайда қажет.

Автономды күн станциялары  тауларда "жасыл энергияны" 1,5 есе көп өндіруге мүмкіндік береді, өйткені биіктікте күн ағынының сәулеленуі әлдеқайда күшті. Осылайша, құтқару модульдерінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті электр энергиясының тұрақты түсуі қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күні құтқару-бақылау үйшіктері жоспарланған жерлерге орнатылған және барлық қажетті құрал-жабдықтар және азық-түлік жиынтығымен толық жабдықталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір