• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:11:17
Алматы

"Солтүстік Корея қорғаныс, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында алға жылжуды жалғастыру үшін 2022 жылы өте үлкен қаржылық қиындыққа дайындалуы керек" деп ескертті Ким Чен Ын.

Ким бұл туралы сәрсенбіде Кореяның жұмыс партиясы орталық комитетінің отырысында айтты.

"Келесі жыл маңызды жыл болады, өйткені біз биылғыдай үлкен күрес жүргізуіміз керек" деді Солтүстік Корея басшысы.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким елдің экономикалық күресін жалғастырғанымен, Солтүстік Кореядағы билеуші партия есептелетін Жұмысшылар партиясы саяси мақсаттарға қол жеткізіп, биылғы жылдың басында бастаған бес жылдық экономикалық жоспарды орындағанын айтты. 

Соңғы уақытта алықаралық сарапшылар Солтүстік Кореядағы ашаршылық қаупі туралы дабыл қағуда. Мемлекет азық-түлік дағдарысына байланысты әскери қордағы астықты қолдануға мәжбүр болғаны жарияланған. Сонымен қатар мемлекет басшысы Ким Чен Ын ел азаматтарын тамақты үнемдеп жеуге шақырған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Солтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір