• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:10:35
Алматы
+12°

Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки 7 желтоқсан күні АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин әңгімелесетінін мәлім етті.

"Президент кіші Джозеф Р. Байден 2021 жылғы 7 желтоқсанда қорғалған видеоқоңырау арқылы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлеседі. Мемлекет басшылары АҚШ пен Ресейге қатысты бірнеше мәселені талқылайды. Олардың қатарында стратегиялық тұрақтылық, киберқауіпсіздік, аймақтық мәселелер бар. Президент Байден АҚШ Украина шекарасы маңындағы Ресейдің әскери қимылдарына алаңдаушылық білдіріп, Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын жеткізді" делінген ақпараттық хабарламада.

Соңғы уақытта Ресейдің Украина маңына әскерін үйіп-төгіп, доқ көрсетуі жиілеп кетті. Мәскеу соңғы апталарда Украина шекарасына ондаған мың жауынгер шоғырландырып, үлкен жаттығуға кірісті. Бұған НАТО алаңдаушылық білдіріп, өз кезегінде әскері мен қару-жарағын Украинаға орналастырып қойды.

Әзірге екі тараптың әрекеттері бір-біріне айбат көрсетумен шектеліп отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті қадамдар  жоспарлап отырғаны қатты алаңдататынын айтып, Ресейге әскери күштерін Украина шекарасынан алып кетуді талап ететіндерін жеткізді. Сондай-ақ ол егер Ресей Украинаға басып кіретін болса, үлкен құн төлейтінін мәлім етті.

Ал Ресей НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі Мәскеудің негізгі қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіргенін айтып, мұны "қызыл сызық" деп бағалайтынын, жағдай жалғаса берсе, оған қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір