• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:23:44
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев президент болып ел басқарған 30 жылдағы өзінің табысы туралы айтты.

"Азат еліміздің жастары тәуелсіздікке барар жолдың қандай азапты болғанын, қандай құрбандықтар мен сынақтар – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың алапат екі толқыны, қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аударудың зардабы арқылы жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алу үшін қажет. Менің "Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық" дейтінім осыдан.

Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын.

Біз, Абай атамыз айтқандай, "ақырын жүріп, анық бастық". Соның арқасында көп салалар мен бағыттар бойынша өзгелерден озып кеттік" – деді ол "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласында.

Назарбаев сондай-ақ мақалада өз тұсында "Қазақстан – 2030" стратегиясында белгіленген межелі көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалғанын, сондықтан "Қазақстан – 2050" бағдарламасы жасалғанын атап өткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев мақаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір