• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:36:05
Алматы
+12°

"Биткоинді мен ойлап таптым" деп мәлімдеген адам АҚШ-тағы ірі сот ісінде жеңді. Нәтижесінде ол бұрынғы серіктесіне криптовалютамен ондаған миллиард доллар төлемейтін болды.

 

Фото: Ашық дереккөз(Фотода: Австралиялық компьютер маманы Крейг Райт)

 

Австралиялық компьютер маманы Крейг Райт 2016 жылғы блог жазбасында өзінің "Сатоши Накамото" екенін мәлімдеді. Сатоши Накамото – биткоин жасаған адам немесе адамдар пайдаланатын бүркеншік есім. Криптовалюта қауымдастығындағы көптеген адам Райттың мәлімдемесіне күмәнмен қарайды, өйткені ол "Сатоши өндірген" деп болжанған бұрынғы биткоиндердің ешқайсысын жылжытпаған.

Дүйсенбі күні Райт Майамидегі азаматтық іс бойынша өзінің марқұм бизнес серіктесі Дэвид Клейманның отбасымен соттасты.

Қазіргі кезде Сатоши өндірген және ұстаған 1,1 миллион биткоиннің жартысына қауіп төнді, бұл кэш қазіргі уақытта шамамен 54 миллиард долларды құрайды.

Айыптаушы тарап Клейманның Райтпен бірге биткоинді құрушы болғанын және бұл – Клейманге  Сатошидің болжанған байлығының жартысын алуға құқық беретінін айтты.

Қазылар алқасының қорытынды сөзінде Райт "өлген ең жақсы досын өтірік айтып алдап", бәрін жоспарлап қойғаны айтылды.

Арызданушы тарап "Клейман Райтқа 252 миллиард доллар тұратын блокчейн технологиясының зияткерлік меншігін құруға көмектесті" деп мәлімдеді.

Райт Дэйв Клейманның ағасы Ираның мәлімдемелері "ойдан шығарылған" деп мәлімдеді. Ол досының оған криптовалютаны шығаруға көмектеспегенін айтты және олардың серіктестігі бар екенін көрсететін дәлел жоқ екенін жеткізді.

Райттың адвокаты Андрес Риверо үкімді өз клиентінің толық жеңісі деп сипаттады.

Вест Палм-Бичтегі федералды қазылар алқасы Райтты жақтап, Клейманның атына биткоин беруден бас тартты.

Дегенмен, Райтқа екі адамның бірлескен кәсіпорны "W&K Info Defence Research LLC"-ге қатысты зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына байланысты 100 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл ақша Клейман мүлкіне емес, тікелей "W&K"-ге түседі.

"W&K Information Defence Research LLC" компаниясы сотта $100 000 000 алғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді. Олар Крэйг Райт бұл соманы заңсыз иемденгенін жеткізді.

Ал, Райт "бұл өте жақсы нәтиже болды және мен өзімді толығымен ақталғандай сезінемін" деді сот үкімі шыққаннан кейін Twitter-де.

Райттың заңгері "Талапкерлер 600 миллиард доллар талап етумен қоса, жазалауды талап етті. Бұл америкалық сот процестеріндегі ең жарқын жеңістердің бірі. Біз оларды талқандадық. Олардың нәтижесі тіпті біз оларға өзіміз келіскен ұсыныстан азырақ. Бұл екінші тарап үшін толық шығын" деді сот үкімі шыққаннан кейін телефонмен берген сұхбатында.

2008 жылы, АҚШ-та қаржы дағдарысы кезінде, Сатоши Накамото есімді аккаунт тоғыз беттік баяндама жариялап, биткоин туралы алғаш мәлімдеме жасады. 

Бірнеше айдан кейін Накамото пайдаланушыларға криптовалютаны өндіруге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманы шығарды.

Биткоиннің алғашқы күндерінде оны үйдегі компьютерде өндіруге болды. Ол кезде блокты ұтып алуға 50 биткоин сыйақысы берілді. Бүгінгі күні бұл процесс арнайы жабдықты қажет етеді, оны негізінен кәсіби мамандар жасайды және кодқа енгізілген инфляцияға қарсы шараның арқасында блок сыйлығы 6,25 биткоинге дейін төмендеді.

Накамото 2011 жылға дейін белсенді болды. Содан кейін ол өзге биткоин әзірлеушілерге электрондық пошта арқылы "басқа істерге көшкенін" айтып, жобаны кенеттен тастап кетті. Жоғалып кетпес бұрын, жұмбақ аккаунт "1,1 миллион биткоин өндірді" деп саналады.

Егер Райт сотта жеңілген болса, ол мүлікті төлеу үшін Сатоши монеталарының кэшін шығаруы керек еді. Ал, Райт сотта жеңетін болса, өзінің иелігін дәлелдейтінін айтты. Ол сондай-ақ жеңіске жететін болса, биткоиндегі байлығының көп бөлігін қайырымдылыққа беруге уәде берді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Биткойн

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір