• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:51:11
Алматы
+7°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалақысының мөлшерін айтты. Бұл сұраққа ол мәжіліс отырысында жауап берді.

– Бұл – қалыпты ғой, әріптестерімізбен бәріміз шамамен 900 мың теңге көлемінде аламыз, – деді Цой.

Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзге өңірлердегі әріптестерімен бірдей жалақы алатынын айтып, жалақы мөлшерін атамаған болатын.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 2 миллион теңгеге жуық қаражат алып жатқанын хабарлаған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір