• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:37:01
Алматы
+7°

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Бөрехан Беркімбаев көлікпен мектеп оқушысын қағып мерт қылған баласының әрекетін ақтамайтынын айтты, деп жазады "Диапазон" басылымы.

Депутат өзінің лауазымы баласына қатысты тергеуге әсер етпейтінін айтады.

– Бұл жағдай – отбасы үшін орны толмас трагедия. Көлік рөлінде ұлым отырғаны рас. Оқиғаның ертеңінде қаралы отбасыға көңіл айтып, шын пейіліммен жаназаға қатыстым. Ұлымды ақтауға тырыспадым. Ол кінәлі, сол үшін заңға сай жауап беруге тиіс. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Мен ұлымды ақтамаймын, тек әлеуметтік желіде жазылып жатқан түрлі әңгімеге қатысты айтарым бар. Ұлым сол кеште жаттығуға бара жатқан. Ішімдік ішпеген, есірткі қолданбаған. Оның бәрін сараптама растап отыр. Интернетте жазып жатқандай, ешкіммен жарыспаған. Ұлым салмақты адам. Жұмысы, үш баласы бар. Көлігі ескі болатын, оны қолдан алғанбыз. Авариядан кейін ешқайда қашып кетпей, бірден жедел жәрдем шақырды. Ол өз кінәсін 100 пайыз мойындайды, заңға сәйкес жазаланады да. Мен ұлын жоғалтқан әулеттің қайғысын түсінемін, оның орнын толтыру мүмкін емес. Тек бұлай болғанын ешкім қаламағанын, мұндайдан ешкім сақтандырылмағанын ғана айтқым келеді. Менің депутат екенім тергеу барысына әсер етпейді. Бұл керісінше қиындата түседі. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін, –  дейді депутат.

3 желтоқсанда Ақтөбеде жүргіншілерге арналған жолда "Land Cruiser Prado" автокөлігі 15 жастағы баланы қағып мерт қылған. Көлік рөлінде облыстық мәслихат депутаты Бөрехан Беркімбаевтың баласы отырған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы) бойынша іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол-көлік оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір