09 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 29 жаңа жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,03%-ды құрайды, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нәтижесінде, өңір «жасыл» аймақта. КВИ анықталған жағдайлардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 4, оқушылар арасында 2, студенттер арасында 1 және мұғалімдер арасында 2 жағдай тіркелген.
Аудан-қалаларға бөлсек, COVID-19 көрсеткіші мынадай: Ақсу-1, Алакөл-4, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-1, Ескелді-1, Жамбыл-3, Іле-2, Қарасай-1, Көксу-1, Панфилов-6, Талғар-3, ұйғыр-2, Талдықорған қаласы-2.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 57 487 жағдай тіркелген, оның ішінде 42 984 симптом белгілерімен.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2689,6 құрады.
Естеріңізге саламыз, облыста халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 869 150 адам (72%) алды, ал халықтың 800 747-сі (67%) толық иммундау курсынан өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір